What are you looking for?

Әскери қызметшілерге қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

17.03.2025

Бұл туралы қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің мүшелерімен және ұйымның өңірлік филиалдарының төрағаларымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жиын барысында министр ведомствоның бұрын жойылған жеңілдіктерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі коммуналдық өтемақыға өзгерістер енгізуді, әскери қызметшілерге тегін жол жүруді және далалық төлемдерді қайтаруды ұсынып отыр.

Сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыстан шығарылған әскери қызметшілерге зейнетақыны индексациялайтын заң жобасы қарастырылуда. Ол әскери қызметшілер мен ардагерлерге медициналық көмек пен санаторлық-курорттық емдеуді жақсарту шаралары қабылданып жатқанын хабарлады, — делінген мәліметте.

2024 жылы 100-ден астам әскери зейнеткер стационарлық ем алды. Ал 2300-ден астам ардагер клиникалық-диагностикалық көмек алды. 2025 жылы санаторлық-курорттық емделуге 488 жолдама бөлу жоспарлануда.

Жиында әскери зейнеткерлерді әскери емдеу мекемелеріне жатқызу мәселесі көтерілді. Осы орайда қорғаныс министрі мұндай жағдайларда әскери госпитальдар оларды қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсететінін жеткізді.

Social Link

Follow Me On Social Media