Бұл сала мамандарының назарынан тыс қалып отыр, дейді ол.
Беларусь президенті Александр Лукашенко ел үкіметіне сирек кездесетін металдарды іздеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
"Бұл өте маңызды мәселе. Әлемде сирек кездесетін минералдарды өндіру тақырыбы өзекті болып тұр. (...) Қазір бұл туралы тек Трамп айтып отыр. Сіздер бұл туралы ойланбадыңыздар. Сирек металдар жерде көп кездесе бермейді. Бұл – болашақ. Қазу керек, жерімізде не бар екенін қарауымыз қажет", — деді Беларусь басшысы.
Александр Лукашенко вице-премьер Юрий Шулейкоға геологиялық барлау жұмысын жандандыруды тапсырды.
"Бұл бүгінгі таңдағы басты тақырып", – деді ол.
Сирек металдар түсті металлургия, радиоэлектроника және жаңартылатын энергия көздері сияқты әртүрлі өнеркәсіп салаларында сұранысқа ие, дейді Беларуь президенті.
Сирек кездесетін металдар 17 химиялық элементтен тұрады. Оларды өндіру мен өңдеу күрделі технологияларды талап етеді.