Мұндай уақытша өзгерістер Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушылар күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық пен шараны өткізу кезінде болмақ.
Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады.
Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — деп жазды ведомстводан.
Рейстер туралы ақпарат алу үшін:
Байланыс орталығы: +7 7172-702-999
Ресми сайт: nn-airport.kz