Бұл — Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан, белгілі қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Нағи Ілиясовтың есімімен аталған ауыл. Суармалы ауылшаруашылығы дамыған елді мекенде бүгінде 2500-ге жуық тұрғын мекен етеді. Облыс бойынша үлгілі ауылдар тізімінен түспей келе жатқан ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға, экологиясын бағамдауға «Таза Қазақстан» бағдарламасының түсірілім тобы келіп жетті.