What are you looking for?

Қазаққа туыс елде әйелдерге арналған шектеулер тағы да күшейе түсті

17.03.2025

Енді Ашхабадтағы басы бос түрікмен қыздарына жұмыста сары орамал тағу міндеттелді.

Киімнің түсіне байланысты қойылған жаңа талаптарды орындамағандар жұмыстан да босатылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ереже наурыз айының басында енгізіліп отыр. Сонымен қатар, тұрмысқа шыққан әйелдерге жұмысқа сары көйлек киіп келу талап етіледі.

Бұған заңды негіз жоқ, бірақ елде неше түрлі ережелер тізімі күннен-күнге көбейіп келеді. Мысалы, Түрікменстанда, әсіресе ел астанасы Ашхабадта көліктердің ақ немесе ашық түсті болуы міндеттелген, ғимараттардың сыртындағы кондиционер блоктары алынып тасталған.

Сонымен қатар, жас жігіттерге сақал қоюға тыйым салынған.

– Бұл ережелер ешқандай заңды құжатқа негізделмеген. Көбіне олар президенттің немесе оның отбасы мүшелерінің ауызша ескертуі, ескертпесі немесе ұсынысы негізінде енгізіледі, – дейді Прагадағы Карлов университетінің Орталық Азия жөніндегі сарапшысы Славомир Горак.

Орамал тағу туралы жаңа талап әйелдердің сыртқы келбетіне қатысты бұған дейін енгізілген шектеулердің жалғасы саналып отыр. Мұның алдында мемлекеттік қызметтегі әйелдерге косметика қолдануға, денеге жабысып тұратын көйлек киюге және шашын ашық түстерге бояуға тыйым салынған болатын.

Горактың сөзінше, Түрікменстандағы эстетикалық нормалар – ішінара Кеңес дәуірінің мұрасы. Сондай-ақ, 2006 жылы қайтыс болған елдің алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовтың қалауынан бастау алған.

– Бірақ олар Бердімұхамедовтер әулеті билікке келгеннен кейін ерекше күшейді, – деп атап өтті сарапшы.

Жергілікті тұрғындар әйелдерге неге дәл сары түс таңдалғанын түсінбей, түрлі болжам жасауда. Кейбіреулер мұны Түрікменстанның ұлттық көшбасшысы Гурбангулы

Бердімұхамедовтің әйелі мен әпкелерінің талғамына байланысты болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.

Social Link

Follow Me On Social Media