Қазақстанда тауар ретіндегі газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді , — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қазақстанда тауар ретіндегі газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу енді барлығына қатысты болмақ. Жоғары аудиторлық палата ұсынымы бойынша Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік аудит барысында заңнамалық олқылық анықталған болатын. Аудиторлар газ тарату компаниялары арқылы газдың бөлшек саудада сатылуы мемлекеттік баға реттеуіне жатпайтынын анықтады. Үкіметке Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды. Нәтижесінде түзетулер енгізілді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тауар ретіндегі газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу газ тарату компанияларын қоса алғанда, барлық нарық субъектісіне қатысты болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!