What are you looking for?

Ақтөбе облысында Ойыл ауылымен көлік қатынасы үзілді

17.03.2025

Ақтөбе облысында Ойыл ауылымен көлік қатынасы үзілгеніне екі тәуліктен асты.

Қарғын су аудан орталығының кіреберісіндегі өткелді шайып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарды қайықпен тасымалдауда. Ойыл өзеніндегі негізгі көпір өткен жылғы су тасқыны кезінде қирап, жөндеуге жабылған. Бүгінгі күнге дейін қайта қалпына келтірілмеген. Сондықтан елді мекенге қатынау үшін өзен арнасына уақытша өткел төселген еді. Алайда еріген қар суының ағыны топырақты шайып, автокөліктердің өтуіне мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі уақытта уақытша техникалық көпір салынуда. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, жол шамамен үш күн ішінде қайта ашылуы тиіс. Дегенмен, қарғын судың ауылға тікелей қауіп төндірмейтіні хабарланды.

Аслан Арзымбетов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- 5 қайық бөлінді біздерден және құтқарушылар, әскери қызметкерлер барлығы жұмылдырылды осы жұмыстарға. Біздің міндетіміз ол жерде адамдарды қауіпсіз көшіру. Бүгінгі күнге 348 адам, оның ішінде 49 бала көшірілді.

Social Link

Follow Me On Social Media