2030 жылы мұсылмандар қасиетті Рамазан айында екі рет ораза тұтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Астрономдардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Алдағы онжылдықтағы ерекше жағдай 5 қаңтарда басталатын алғашқы Рамазанмен, ал 26 желтоқсанда басталатын екінші Рамазанмен ерекшеленеді. Осылайша, мұсылмандар бір жыл ішінде 36 күн ауыз бекітетін болады.
Алайда екі ораза да қыс мезгіліне сәйкес келгендіктен, күндізгі уақыт қысқарып, ауыз бекіту жеңілдейді. Бұл құбылыс күнтізбелер арасындағы айырмашылыққа байланысты орын алады. Григориан күнтізбесі күн қозғалысына негізделсе, ислам күнтізбесі ай циклін негізге алады. Осы айырмашылық Рамазан айының жыл сайын 10-12 күнге ертерек келуіне себеп болады.
2030 жылдан соң мұндай құбылыс 2063 жылға тұспа-тұс келмек. Хижра жыл санауы бойынша 1451 жылы қасиетті Рамазан 2030 жылдың қаңтар айының 5-і күні басталады, сол хижра бойынша 1452 жылдың желтоқсан айының 26-на тұспа-тұс келмек. Яғни, исі мұсылман Григориан күнтізбесі бойынша 2030 жылы екі мәрте ораза ұстайды.