What are you looking for?

Пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

06.03.2025

СҚО прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, жер телімдерін мемлекетке қайтарды.

Жыл басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскені мақсатына сай қолданбағанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жеркодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгеболатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.

Social Link

Follow Me On Social Media