Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында аймақтық театрлардың жай-күйі туралы мәселе көтерді.
Мысалы, Семейде бір ғимаратта 3 театрдың ұжымы сығылысып отыр. Бұл өнер адамдарының шығармашылық дамуына кедергі. Жергілікті билік мың орындық мәдениет ошағын салуды жоспарлай бастады. Семейліктер бастаманы қолдап отыр.
Амангелді Бахтинов 2022 жылдан бері Абай атындағы музыкалық-драма театрының директоры. Айтуынша, бүгінде жастардың шығармашылыққа қызығушылығы артқан. Ал оларға сапалы қойылым әзірлеу үшін тыңғылықты дайындық керек,-дейді. Бірақ сахнаның тарлығы мен уақыттың аздығы қолбайлау.
Амангелді Бахтинов, Абай атындағы музыкалық драма театрының директоры:
- Біз толыққанды жұмыс жасай алмай отырмыз. Себебі уақытымыз жетпейді. Түнгі 3-4-ке дейін репетициялар өтеді. Қойылымдардың сапасын арттыру үшін сахнаның жетіспеушілігі өте қиынға соғады. Айтып жатыр үлкен бір конгерсс салынады деп. Басқа ғимараттар салынғанда шешімін табады деп сенеміз.
Абай театрында өткен әр қойылым, премьера сайын зал көрерменге толады. Театр қызметкерлерінің айтуынша билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Әр театр ұжымының тұрақты көрермені бар. Семейліктер шығаршылық ұжымға арнап сәулетті ғимарат салынып, жаңа театр ашылғанын қалайды.
БЛИЦ
- Конечно бөлек болған дұрыс. Енді Абай өізіміздің облыс болды ғой. Жеке театр болып демалуға да бәріне,жасаса жақсы болар еді.
- Тәуірлеу здание бөлінсе, бөлінгендері жақсы ғой. Орыс пен қазақ қазір бірігіп жатыр ғой. Екеуі екі жақта болса барған кісілерге де ықшамды болады.
Бүгінде Абай театрының ғимаратында Абай атындағы музыкалық драма театры, Дариға-ай жастар театры мен Орыс драма театрының ұжымы сығылысып отыр. Барлығы 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Мәселені шешу үшін жергілікті билік Семейде жаңа «Конгресс холл» салуды жоспарлап отыр.
Толқын Берікбекова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:
- Әр театрдың өзінің қалыптасқан көрермендері бар, келушілері бар. Өзінің спектакльдері бар аудиториясы бар тыңдайтын. Сондықтан труппа деуге келмейді. Толыққанды дербес үш театр ретінде қызмет етіп отыр халыққа.
«Конгресс Холл» шамамен мың адамға арналады. Бүгінде жобалық-сметалық құжат жасау үшін келісімшарт жасалған. Жаңа мәдениет нысаны Семейдегі «Заря» ауданында бой көтереді.
Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов