What are you looking for?

"Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасы басталды

18.03.2025

Елде жұмысшы мамандарға арналған "Наурыз жұмыскер" несиелік бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды.

Биылғы жоспарға сәйкес, шамамен 2400-ден аса адам пәтермен қамтылуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты "Отбасы" банкіне сілтеме жасап.

Бағдарламаға қатысуға электромонтер, инженер, учаске шеберлері мен слесарь сияқты жұмысшы мамандар ниет білдірген.

Айта кетейік, ипотекалық бағдарлама қатысушыларына баспана іздеуге 6 ай уақыт берілген. Ал өңірлер үшін ең жоғары қарыз сомасы 30 млн теңгені, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңгені құрайды.

Бағдарлама талабына сәйкес мегаполистер мен облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етілсе, моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде қайталама, яғни дайын үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі. "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау оған бөлінген қаржы шегі таусылғанға дейін жалғасады. Биыл бұл бағытты іске асыруға "Отбасы" банктен 72 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media