What are you looking for?

Еуроодақ Солтүстік Македонияға көмектеседі

18.03.2025

Еуроодақ елдері Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрт кезінде жарақат алғандарды қабылдап, емдеуге көмектеседі. Теріскейдегі Македония одақ құрамына кірмейді. Бірақ 2005 жылдан бері оған мүше болуға үміткерлердің тізімінде. Сондықтан ел билігі тілсіз жау кезінде денесін күйік шалып, ауыр халде жатқан 15 науқасты эвакуациялау бойынша бірлестіктен көмек сұраған.

Естеріңізде болса, 16 наурызға қараған түні елдің солтүстік-шығысындағы Кочани қаласында түнгі клубта өрт шыққан еді. Соңғы мәлімет бойынша 59 адам көз жұмды. 150-ден астамы жараланған. Кейін анықталғандай, ойын-сауық мекемесінің лицензиясы жалған болып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиғаға концерт кезінде пиротехникалық құралдардың қолданылуы себеп. Елде 7 күндік аза тұту жарияланды.

Social Link

Follow Me On Social Media