Қор бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптасады.
Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспара бар. Ол Қазақстанның жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлімдеді.
Қор қызметін 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады:
- Таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу).
- Жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және инкубациялау, коммерцияландыру, инвестиция тарту).
- Инфрақұрылымды дамыту (хабтар желісін кеңейту, тұрақты арт-алаңдар құру, мемлекеттік мүлікке қол жеткізуді қамтамасыз ету).
- Экспортқа қолдау көрсету (шетелдік аудиторияға шығу, маркетинг және PR, авторлық құқықты қорғау).
"Еліміздегі Креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады. Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі – креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамыту. Осыған байланысты АХҚО базасында басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады", – деді министр Аида Балаева.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы ақыл айтып ақша табатын психологтар мен коучтарды сынға алды