Жолдарда 60 техника іске қосылған .
2025 жылғы 18 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша екі облыстағы екі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 техника мен 96 маман жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Кейінгі алты жылда республикалық маңызы бар 4400 шақырым жол жаңғыртылды