Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол қазіргі уақытта Министрліктің қолдауымен «Qazaq Culture» ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті. Платформа 8 тілде жұмыс істейді. «Qazaq Culture» платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады.
«Qazaq Culture» жобасын кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады», деп түсіндірді Аида Балаева.
Related items