What are you looking for?

ІІМ кең ауқымды операция өткізді: 350 дәріхана тексерілді

18.03.2025

Ел аумағында "Дәрмек" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын 900-ден аса ұйым, оның ішінде 350 дәріхана, 85 қойма, 103 емдеу-профилактикалық мекемесі және 362 кәсіпорын тексерілген.

"Сақтау, өткізу және тасымалдау шарттарын бұзғаны үшін 248 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 116 медицина қызметкері бар. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында 8 қылмыстық іс қозғалды. 35 мың тонна прекурсор, 20 мың таблетка және құрамында психоактив заттар бар 24 мың ампуланың айналымына шектеу қойылды", — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Жамбыл облысындағы ұйымдардың бірі прекурсорларды сақтау ережелерін бұзған. 34 мың тоннадан аса күкірт қышқылы тәркіленді. Әкімшілік материал жиналды. Ұйым қызметі тоқтатылды.

Ақтөбе облысында медициналық ұйымды тексеру кезінде де есірткі құралдарын сақтау және есепке алу ережелері бұзылғаныы анықталды. Фармацевке қылмыстық іс қозғалды.

"ІІМ есірткі мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді", — деді Қуандық Әлжанов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media