Мәдениет пен өнер саласын цифрландыру бойынша нақты бірлескен жұмыстар жолға қойылуы тиіс.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда аудиокітаптар өте танымал. Қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын жасап, оларды түрлі платформаларға, оның ішінде әртүрлі тілдерде де орналастыру қажет. Осылайша біз әдебиетімізді өз елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де насихаттай аламыз. Сондай-ақ музейлерді цифрландыруға ерекше назар аударған жөн. Мәдениетіміздің бүкіл алтын қорын цифрландыру керек", — деді Олжас Бектенов.
Айтуынша, мәдениет ұйымдарына билет берудің бірыңғай электронды жүйесін енгізген жөн.
"Жалпы Мәдениет және Цифрландыру министрліктері креативті индустрияларды орнықты дамыту, сондай-ақ бүкіл мәдениет пен өнер саласын цифрландыру бойынша нақты бірлескен жұмысты жолға қоюы керек", — деді Премьер-министр.