What are you looking for?

Бишімбаевқа үкім шығарған судья ерекше қырымен көзге түсті

18.03.2025

Ол шахмат турнирінде қарсылас шақ келтірмеген.

Бишімбаев ісінде танымал болған, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айжан Кұлбаева спорттық сайыста да мықтылығын көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Демалыс күндері ҚР Судьялар одағының филиалы волейбол, теннис, шахмат және дойбы бойынша жарыстар ұйымдастырған болатын.

– I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айжан Кұлбаева;

II орын – Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрайымы Лейла Зинашева, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Айжан Кұлбаеваның есімі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қарау кезінде кеңінен танымал болды. Ол экс-шенеуніктің жұбайын өлтіру ісі бойынша судья болып тағайындалып, оған айыптау үкімін шығарды.

2024 жылдың тамызында Айжан Кұлбаева отандық БАҚ-қа эксклюзивті сұхбат беріп, "Бишімбаев ісі" өмірін қалай өзгерткені туралы айтып берген еді.