What are you looking for?

Петропавлда полиция майоры жол апатынан қаза тапты

18.03.2025

Оқыс оқиға қалаға кіреберістегі Пестрое көлі маңында болған .

Жол-көлік оқиғасы арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция майорының өмірін жалмады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жантүршігерлік апаттың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің сөзінше, көлікті тізгіндеген полиция майоры оқиға орнында көз жұмған. Автокөлікте оның келіншегі мен баласы да болған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының 17 наурызда тіркелгенін растап отыр.

– Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау тасжолында Toyota автокөлігі жолдың қоршауына соғылған. Апат салдарынан 33 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 26 жастағы жолаушы медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ. 2024 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Social Link

Follow Me On Social Media