What are you looking for?

Президент Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

18.03.2025

Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеудің жаңа бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызды құрады.

Премьер-министр Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыруға, цифрландыру мен адами капиталды дамытуға қатысты міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы жетекшілік ететін Республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Social Link

Follow Me On Social Media