Астаналық оқушылар «Қамажай» биін билеп, хореографиялық флешмоб ұйымдастырды , деп хабарлайды 24kz.
Оған 100-ден астам мектептің үш мың оқушысы қатысты. Сондай-ақ бүгінгі Ұлттық киім күніне орай, қазақтың қамзолы мен сәукелесін, шапаны мен бешпетін киген бір топ жеткіншек Дефиле көрсетті. Жалпы республика бойынша мұндай ауқымды шара алғаш рет өтіп тұр. Алдағы уақытта ол жалғасын табады, дейді ұйымдастырушылар.
Тәуіржан Рахат, «Шашу» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі:
- 112 мектеп бар болса Астана қаласында, сол мектептерден 25-35 баладан жинап, 1 ай бойы әр мектепке барып қимылдарды үйреттік. Одан кейін соңғы бір аптада әр локацияда әр мектепке барып, аудан-аудан бойынша биді дайындадық.
Нұрай Шалусбаева, оқушы:
- Қамажай биін билеген болатынбыз. Артымызда біздің келбетін, суретін сипаттап тұрған қызғалдақ гүлдері отырған. Ол да мектеп оқушылары. Әрбір бала өз дәстүрін және ұлттық киімдерін ұмытпау керек.
Related items