What are you looking for?

Конституциялық сотқа 9 мыңнан аса өтініш түскен

19.03.2025

Сотқа жүгінетіндердің дені – қарапайым халық .

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциялық сотқа қазақстандықтардан қанша өтініш түскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңартылған Парламентпен қатар басқа да маңызды мемлекеттік институттар бар. Конституциялық соттың құрылуы сот төрелігі мен азаматтар құқықтарын қорғауда жаңаша қуатты құралға айналды. Бұл – құқықтық мемлекетті нығайту мен әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Аталған институт жаңа құқықтық архитектурада маңызды орын алады. Конституциялық сотқа жүгінетіндердің дені, әрине, қарапайым халық, олардан тоғыз мыңнан астам өтініш түскен", — деді Ерлан Қошанов Мәжілістің пленарлық отырысында.

Айтуынша, азаматтар бұл институтты "әлсіздердің қорғаны және шындықтың жаршысы" деп қабылдайды.

"Бүгінгі таңда Конституциялық сот құқықтық даулардың төрешісі ретінде ғана емес, сонымен бірге Мемлекет басшысының реформаларын демократиялық бақылау мен қорғаудың маңызды элементі болып отыр", — деді Қошанов.

Social Link

Follow Me On Social Media