What are you looking for?

Астанада студенттерді алдаған әйел 3 жылға сотталды

19.03.2025

" Көпшіліктің мәселесін шешемін" деп уәде берген әйел университетте қызмет еткен.

Астанадағы университеттердің бірінде жұмыс істеген әйел ақылы бөлімде оқитын студенттерге жалған уәде беріп, 3 млн теңгеден астам қаржы жинап алған, деп жазады inbusiness.kz cайты Астана қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, ол ақылы түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істей отырып ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін "шешіп" беремін деп сендірген.

"2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді", — деп хабарлайды прокуратура.

Ол студенттер мен ата-аналарынан алған ақшаны қайтарып берген. Кінәсін мойындаған.

"Сот залалды өтеп бергенін және кәмелетке толмаған балаларын ескере отырып, оны 3 жылға бас бостандығынан шектеді. Үкім заңды күшіне енді", — деп хабарлайды прокуратура.

Social Link

Follow Me On Social Media