What are you looking for?

Бюджет ақшасына Алматыдан үй, BMW алған: ҚМА тергеу жүргізіп жатыр

19.03.2025

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы "бір көзден сатып алу" әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған. Алайда тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.

Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған. Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған. Бұл келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған.

ҚМА пікірі

Қолды болған ақшаға Алматы қаласынан жеке үй мен BMW X6 көлігі сатып алынған, олар сенімді тұлғаларға ресімделген. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media