What are you looking for?

"2400 әкімнің 205-і – әйел": Жұлдыз Сүлейменова гендерлік мәселедегі жеңістерді атады

19.03.2025

Ол 2024 жыл – Қазақстанда әйел құқықтарын қорғау бағытында маңызды өзгерістер әкелген тарихи жыл болғанын атап өтті.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс отырысында Қазақстанда әйелдердің құқығын қорғау мәселелері қалай шешіліп жатқаны туралы айтты. Оның сөзінше, 2024 жыл – Қазақстан үшін әйел құқықтарын қорғау бағытында маңызды өзгерістер әкелген тарихи жыл болды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси шешімдері және тиімді реформаларының аясында әйелдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктері жыл санап кеңеюде. Соңғы 3 жылда БҰҰ Даму бағдарламасының Гендерлік әлеуметтік нормалар индексіне сәйкес, еліміз 18 позицияға көтеріліп, әйелдердің білім, экономика және саяси қатысудағы гендерлік алшақтықты азайтуда әлемдік аренада өз орнымызды нықтай түстік", – деді Жұлдыз Сүлейменова.


Оқи отырыңыз: Жұлдыз Сүлейменова театрда қазақ әйелдерін сахналау дәстүрін жалғастыруды ұсынды


Депутаттың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстандағы түрлі дәрежедегі 2400 әкімнің 205-і – әйел.

"Бұл көрсеткіш әйелдердің шешім қабылдауға қатысуына жол ашқан маңызды қадамның көрінісі. Сонымен қатар, меритократия қағидаты негізінде университеттерді басқаруға әйел ректорлардың келуі батыл шешімдердің бірі болды. Бүгінде университет ректорларының 25 пайызын әйелдер құрайды. Әйелдерге мүмкіндіктерді кеңейту бағытындағы реформалардың негізі 2019 жылы жүзеге асырылып басталды", – деп еске салды мәжіліс депутаты.

Social Link

Follow Me On Social Media