Байрақты бәсекеге 11 елден 128 спортшы қатысты. 4 күнге созылған жарыста садақ ату шеберлері пута және жамбы нысанасы бойынша сынға түсіп, ерлер арасында Азамат Нұртаев пута нысанасында ешкімге дес бермеді. Тартқаны түзу ұшып жеңімпаз атанды. Ал бұрымдылар арасында Әсемгүл Ғалымжанованың бәсі жоғары болды. Жамбы нысанасында Ербол Тапенов пен қырғыз қызы Шолпанай Өмірқұлова топ жарды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстандық қыз-жігіттер 3 алтын, 4 күміс, 7 қоламен көш басынан көрінді. Қырғызстан бір алтынмен екінші орынға жайғасса, 1 қоламен Түріктер үштікті түйіндеді.