ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы вице-президенті, академик, белгілі қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевтың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы SDU University-дің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күлшат апамыз – алтын құрсақты, парасатты ана ретінде ұрпағына өнегелі өмірінің жарқын үлгісін қалдырды. Ол өз бойындағы еңбекқорлық, мейірім мен шынайы махаббат қасиеттерін балаларына сіңіре білді. Бүгінде оның ұрпақтары – еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген адал әрі еңбекқор азаматтар. Әсіресе, Жұмаділдаевтар әулетінің SDU университетіне сіңірген еңбегі зор. Ұрпағына тек ізгілік пен парасаттылықтың үлгісін көрсеткен абзал ана артына мәңгілік өшпейтін мұра қалдырды.
Осындай ауыр сәтте Асқар ағаға және жақын туған-туысқандарына сабыр мен күш-қуат тілейміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! – делінген мәліметте.