What are you looking for?

Бүгін Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл

20.03.2025

Бүгін ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.

«Жалын» альманахы, «Балдырған» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.

Қазақ лирикасының королі атанған ақын Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің, басқа да танымал композиторлардың «Құстар әні», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем» т.б. жүздеген әнге өлең жазған.

Social Link

Follow Me On Social Media