What are you looking for?

Қызылордада көлік жүретін көпірдің бір бөлігі опырылды

20.03.2025

Қызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін байланыстыратын автокөлік көпірінің бір бөлігі құлап, оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 наурыз күні кешке орын алған.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, бұл көпірдің тарихы ескі, ал көлік қозғалысы өте қарқынды. Бұған дейін де көпірдің екінші жағында осындай жағдай тіркелген. Бақытымызға орай, оқиға кезінде көпір астында ешкім болмаған, сондықтан зардап шеккендер жоқ.

Қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, көпірдің қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, Назарбаев даңғылынан Тасбөгет кентіне апаратын жолдағы көпір қаңқасының тозуы салдарынан зақымданған. Жөндеу жұмыстарын "Әлем Транс" ЖШС жүргізетін болады.

Кейінірек әкімдік қызметкерлері көпірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қолға алғанын хабарлады.

Social Link

Follow Me On Social Media