What are you looking for?

Рыбакина Қазақстан намысын қорғау үшін өзі чемпион болған жарысқа қатыспайды

20.03.2025

Теннисші Қазақстан құрамасына көмектесуді жөн көрді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 8-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінде өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмайды. Еліміздің бірінші ракеткасы оның орнына Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Германиядағы айтулы додада алғашқы ондыққа кіретін Елена Рыбакина мен америкалық Мэдисон Кизден басқа маңдайалды теннисшілердің бәрі бақ сынайды.

Штутгарт жарысы 14-21 сәуірде өтеді. Оған қатыспағандықтан, Рыбакина рейтингілік 500 ұпайынан айырылады. Соған қарамастан, теннисші Қазақстан құрамасына көмектесуді жөн көрді.

Social Link

Follow Me On Social Media