What are you looking for?

Су кодексі Мәжіліске қайтарылды

20.03.2025

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Су кодексі мен ілеспе құжат қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Сенаторлар құжаттың кей баптарын редакциялап қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарды.

Су кодексін, сондай-ақ, ілеспе заңды талқылау және оларды екінші оқылымға әзірлеу барысында Бас комитеттің, Қаржы және бюджет комитетінің ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, мынадай түзетулер енгізілген:

- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемге байланысты бірқатар нормаларды Салық кодексіне сәйкес келтіру;

- тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыретін нақтылау;

арнаулы су пайдалануға рұқсаттан айыру тәртібін нақтылау;

- су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға байланысты нормаларды Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес келтіру;

- бассейндік су инспекциялары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың атауын нақтылау бөлігінде Кәсіпкерлік кодексіне өзгеріс енгізу қажет.

«Жаңа Су кодексі аясында су объектілерін ұтымды пайдалану, стратегиялық жоспарлаудың жаңа құралдарын енгізу, гидротехникалық құрылыстарды басқаруға көңіл бөлу, су ресурстарының мониторингі мен басқарудың ұлттық ақпараттық жүйесін құру, суды ұтымды пайдалану, ысырапты азайту және суды үнемдеу технологияларын енгізу, климаттың өзгеруіне байланысты суды дұрыс пайдалануға бейімдеу, құқық бұзу фактілеріне жедел ден қою мақсатында уәкілетті органға қадағалау функцияларын беру мен баламалы су көздерін жинақтау әрі пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінген. Ілеспе заң қолданыстағы заңнаманы жаңа Су кодексінің нормаларына сәйкес келтіру мен су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді», деді Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев.

Social Link

Follow Me On Social Media