What are you looking for?

Елімізде 1 тамызда ауыл шаруашылығы санағы басталады

20.03.2025

Жұмыс жоспары бойынша 1 тамызда sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама басталады, ол 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Санақтың басты мақсаты ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу болып табылады. Бұл осы саладағы әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенованың айтуынша, санақ бүкіл ел бойынша 20 мың ауылшаруашылық кәсіпорындарын, 300 мың шаруа және фермер қожалықтарын, сондай-ақ 1,9 миллионнан астам жеке қосалқы шаруашылықтарды қамтиды.

Санақтың негізгі бөлімдері жер ресурстары және оларды пайдалану, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, техникалық құралдар, өндірістік үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, инфрақұрылымның қолжетімділігі, еңбек ресурстары, шаруашылық жүргізу шарттары, цифрлық технологияларды пайдалану және т.б. туралы ақпаратты қамтиды.

20 қыркүйектен 20 қазанға дейін онлайн сауалнамадан өтпеген адамдар үшін жеке сұхбат арқылы санақ кезеңі өткізіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media