What are you looking for?

Түркістанда 348 отбасы баспаналы болды

20.03.2025

Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 348 отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтерлер «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен беріліп, олардың кілттерін облыс әкімі Нұралхан Көшеров салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қоныс иелерінің ішінде 168 көпбалалы отбасы және 180 әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар бар. Баспаналар заманауи талаптарға сай жабдықталған, тұрғындарға барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Салтанатты шара аясында ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама өтті. Киіз үйлер тігіліп, қонақтарға наурыз көже ұсынылды. Бұл игі іс Түркістан облысында халықты баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың жалғасы.

Айта кетейік, соңғы жылдары Түркістанда тұрғын үймен қамту қарқынды жүріп жатыр. 2018-2024 жылдар аралығында 3519 отбасы жаңа баспаналы болса, 2024 жылы 961 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Social Link

Follow Me On Social Media