What are you looking for?

Атырауда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтіп жатыр. LIVE

20.03.2025

Атырауда Наурызнаманың әр күні ерекше аталып өтіп жатыр.

Қазір ұлттық спорт күніне орай орталық алаңда спорттық сайыстар басталды. Өңірде ұлттық спорт күні қалай тойланып жатыр?

Асланбек Шығыр, тілші:

- Атырау өңірі Наурызнаманың әр күнін атаусыз қалдырып жатқан жоқ. Көрісуден басталған мереке салт-дәстүріміздің шырайын ашты. Бұған дейін 3 мыңнан аса қала тұрғыны мен қонақтары ұлттық киімін киіп, сән-салтанатымен шеруге қатысты. Кеше әр ықшам ауданда тал егілді. Бүгін, міне ұлттық спорт күніне орай Исатай-Махамбет алаңында спорттық сайыстар өтіп жатыр. Бозкілемде балуандар белдесіп, мықтылар арқан тартысып жатыр. Тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық секілді ойындар да ойналады.

Асылбек Қалиев, облыстық ұлттық спорт түрлері спорт клубының директоры

Асланбек Шығыр, тілші:

- Сан ғасырдан жеткен салт-дәстүрімізді жаңғыртып, оны дәріптеуде мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Ұлттық ойындарымыздың осылай кең көлемде насихатталуының өзі мерекелік көңіл күй сыйлап, тұрғындардың мерейін өсіргені рас. Ұлттық спорт күні орталық алаңда ғана емес, ықшам аудандарда да, білім ошақтарында да тойланады. Шынында бүгін тек көктемгі мереке ғана емес, ұлттық болмысы берік, мәдениеті қалыптасқан халық ретінде танытатын шақ деп есептейміз. Ертең ынтымақ күнінде де осы алаңда мерекелік іс-шаралар өтеді. Ал 22 наурыз кең көлемде тойланады деп жоспарланып отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media