Өскеменде құрылысы жүріп жатқан Гематология орталығын пайдалануға беруді жеделдету үшін арнайы мемлекеттік қордан 34 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Айта кетсек, 4-ші Ұлттық құрылтай отырысында орталық құрылысын тезірек аяқтау қажеттігін Президент айтқан болатын. Екі корпустан тұратын ғимаратта 148 орындық стационар мен емхана және 24 орынға арналған қонақүй болады. Бас ғимаратта зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орын тепкен. Жалпы құны 71,3 млрд теңге болатын нысан қазір 80 пайызға аяқталған.
Мадина Мырзабекова ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Аталған орталықта күндізгі және тәуліктік стационарлар қарастырылған. Мұнда қан айналымы жүйесі, онкогематология дерті бар науқастар ем ала алады. Ультражүйелік қондырғылар оның ішінде екі ангеограф қондырғысы қойылады. Ол жоғары технологиялық ота жасауға мүмкіндік береді. Бізде мамандар бар. Соңғы 3 жылда 32 дәрігеріміз шетелдік емханалардан оқып келді.