Астанада Наурызнаманың онкүндігін тойлау аясында қосымша білім беру ұйымдарының 300-ден астам оқушысы әйгілі күйлерді орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Күй күмбірі» атты ауқымды домбыра челленджі №111 орта мектепте өтті. Іс-шараны қалалық білім басқармасы ұйымдастырды. Мақсат – ұлттық аспапты кеңінен насихаттау, жастардың дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын арттыру және дарынды домбырашыларды қолдау.
Челлендж Наурыз мейрамын тойлау аясында өткізіліп, еліміздің барлық мектебін қамтитын жалпыұлттық бастаманың бір бөлігі болды. Жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, патриотизмді нығайтуға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға ықпал етті. Іс-шара барысында Құрманғазының «Балбырауын», А.Желдібаевтың «Еркесылқым», «Келіншек» атты аты аңызға айналған күйлер орындалды. Жиынға құрметті қонақтар, өнер майталмандары мен ұстаздар қатысып, жас әншілерге қолдау көрсетіп, алған әсерлерін тілге тиек етті,-деп атап өтті қала әкімдігінен.
Айта кетейік, бұл челлендж 2023 жылдан бері өткізіліп келеді және қазірдің өзінде маңызды мәдени іс-шараға айналды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ASTANA (@akimat__astana)