«Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды. Бұл туралы Жетісу облысының спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ұлан Рысқұл Жетісу облысының спорт басқармасын бұған дейін де басқарған еді. Бұл қызметке 2023 жылғы 16 наурызда тағайындалған болатын.
2024 жылы қызметінен босатылған. Содан бері басшының орны бос тұрған еді.