What are you looking for?

Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады

21.03.2025

Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрады. Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы мәліметі бойынша елдегі халық саны көп этностар: орыс, өзбек, украин, ұйғыр, неміс, татар , әзербайжан, корейлер. Бұлардың алды 3 миллионға жетеқабыл, кемі 100 мыңнан асады. Ең көбі орыстар – 14,8%, өзбек – 3,2%, украиндер – 1,8% пайыз. Түрік, дүнген, беларусь, тәжік, күрд, қырғыздар да алды 90, кемі 38 мың.

Сол секілді халық саны айтарлықтай көп емес ұлттар да бар. Олардың қатарына құмық, румын, коми-пермяк, қалмақ, арабтар және караимдар кіреді. Бұлардың саны мыңға жетпейді. Бюроның дерегіне сүйенсек, ұлтын көрсетпеген 67 мыңнан астам адам мен тізімге енбей қалған 52 мыңнан астам басқа да халық өкілдері бар екен.

Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады

Орыстар – 2 983 317 (14,8%)

Өзбектер – 660 564 (3,2%)

Украиндер – 375 914 (1,8%)

Ұйғырлар – 301 584 (1,5%)

Немістер – 224 343 (1,1%)

Татарлар – 219 201 (1,0%)

Әзербайжандар – 152 847 (0,7%)

Корейлер – 120 262 (0,6%)

Түріктер – 90 015 (0,4%)

Дүнгендер – 83 948 (0,4%)

Беларустер – 75 048 (0,3%)

Тәжіктер – 55 873 (0,2%)

Күрдтер – 50 264 (0,2%)

Қырғыздар – 38 596 (0,1%)

Халық саны ең аз (1000-ға жетпейтін) этнос өкілдері

Құмықтар – 973

Румындар – 876

Коми-пермяктар – 798

Үндістан мен Пәкістан халықтары – 752

Қалмақтар – 724

Караимдар – 586

Ұлтын көрсетпегендер – 67 263 (0,3%)

Басқа этностар – 52 615 (0,2%)

Social Link

Follow Me On Social Media