Бүгін ел Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлай бастайды. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі — Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем біздің ел де бұл мерекені сән-салтанатымен қарсы алды. Бүгін онкүндік Наурызнаманың Ынтымақ күні.
Иә, қазақстандықтар Наурызды жалпыұлттық мереке деп біледі. Көктемнің шуақты мерекесі халықтың бірлігін де нығайта түседі. «Түрі басқа болғанымен, тілегі бір» отандастарымыз мерекені бір кісідей атап өтеді. Бір-бірін құттықтап, игі тілектерін, ізгі пейілдерін білдіреді.
Сауалнама:
- Башқұрттар, қазақтар, орыстар, немістер, бар халықтар бұл мейрамды тойлайды. Бәрі бірі-бірімізді сыйлаймыз, жақсы көреміз. Достығымыз арта берсін!
- Ұйғыр халқы үшін Наурыз мерекесі – өте көңілді, бірлікті білдіретін мереке. Сондықтан біз Наурызды көңілмен, балалармен келіп, ұл-қыздар бізде билейді. Қазір күтіп тұрмыз кезегімізді.
- Наурыз – өте маңызды және ұлтаралық мейрам. Мен Наурызды достарыммен және отбасыммен тойлаймыз.