What are you looking for?

Моңғолия халқының қанша пайызы ер адам екені анықталды

21.03.2025

Былтыр елдегі дүние есігін ашқан сәбилердің 51,45 пайызы – ер балалар.

Бұл туралы МОНЦАМЭ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, Моңғолия халқының жалпы санының 1,7 миллионы немесе 49 пайызы – ер адам.

Елдегі ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жас болса, Моңғолиядағы қариялардың ең үлкені 105 жаста көрінеді.

Сонымен қатар, ондағы еңбекке қабілетті жастағы ерлердің 67,4 пайызы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, 57 пайыздан астам ер адамдар әртүрлі салада басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Олардың көпшілігі тау-кен, құрылыс және көлік салаларында жұмыс істейді.

Осыған дейін inbusiness.kz сайты Моңғолияның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатқанын жазған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media