What are you looking for?

Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

21.03.2025

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн — 2025 жылдың 22-24 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Түнде және таңертең — тұман. Шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -7...-9°, күндіз: +1...+3°.

23 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні — 3-8 м/с, күндіз — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°, күндіз: шамамен 0°.

24 наурыз: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -6...-8°, күндіз: -1...-3°.

Алматы

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, күндізгі екпіні — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°, күндіз: +24...+26°.

23 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +18...+20°.

24 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°, күндіз: +13...+15°.

Шымкент

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12...+14°, күндіз: +23...+25°.

23 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +11...+13°, күндіз: +21...+23°.

24 наурыз: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +15...+17°.

Social Link

Follow Me On Social Media