Алтыбақан тебу, арқан тартыс, асық атып қол күрестіру... Елорданың бірқатар ауданында Наурыз мерекесі осындай спорттық-бұқаралық іс-шаралармен ерекшеленді. Сондай-ақ Қазақстандық эстрада жұлдыздары, қалалық өнер ұжымдары және басқа да әртістер өнер көрсетті. Осылай Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Астанада кең көлемде аталып өтілді.
Әншілер бүгін «Қазақ елі» монументінде тек жұрттың жүрегіне жылу сыйлайтын әндерді орындады. Арнайы концерттан бөлек, қариялар ақ батасын беріп, тілектерін білдірді. Мерекеге қала тұрғындары мен қонақтар көптеп жиналды.
Сондай-ақ халқымыздың дәстүрі, әсемдік өнеріде ұлықталды. Қазақ әйелдерінің тарихы және заманауи киімдер таныстырылды. Ал алаңның келесі бетінде этноауыл бой көтеріп қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Байтерек монументі де бүгін басты мерекелік алаңға айналды. Қазақстандық эстрада жұлдыздары, қалалық өнер ұжымдары әннен шашу шашты. Маңайға киіз үйлер тігіліп, ашық аспан астында тұрғындар мен туристер үшін түрлі тақырыптағы фотоаймақтар да ұйымдастырылған.
Ұнайтындай жөні бар. Тап осы балалар мен жасөспірімдер арасында асық ату мен арқан тартудан жарыстар өткізілді. Ал ересектер кір тасын көтеріп күш сынасты.
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
- Елордадағы мерекелік шаралар ертең де жалғасады. Мәселен, «Астана арена» спорт кешенінің алаңына баруға болады. Ханшатыр ойын-сауық орталағына қарама-қарсы орналасқан «Ғашықтар» саябағына келіңіз. Ол жерде Қырғызстан, Өзбекстан өзгеде елдің елшіліктері ұлттық тағамдарын ұсынып, концерттік шаралар өтеді.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Қанат Әбілдин, Қайрат Ақтөреев