What are you looking for?

Ақтөбе облысындағы Ойыл ауылында техникалық көпір іске қосылды

21.03.2025

Ақтөбе облысы Ойыл ауылында техникалық көпір іске қосылды. Енді тұрғындар үшін аудан орталығына қатынауда кедергілер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Ойыл, Көптоғай, Қараой, Сарбие ауылдық округтерімен жол қатынасы үзілген болатын. Аталған техникалық көпірді іске қосу арқылы бұл мәселе шешілді.

Техникалық көпір біржолақты бағыттағы қозғалысқа арналған. Уақытша көпірден жеңіл көліктер кезектесіп өткізіледі.

Еске салайық, 15 наурызда Ойыл ауданының Ойыл ауылы аумағында уақытша салынған үйінді өткелді су бұзған еді.

Өңір басшысы Ойыл ауданына жасаған жұмыс сапарында ауылдың кіреберісіндегі Ойыл өзені арқылы техникалық көпірді тез арада пайдалануға беруді қатаң тапсырып, жеке бақылауына алған еді. Құрылысқа 25 арнайы техника және 75-ке жуық адам тартылды, олар тәулік бойы жұмыс істеді,-деп атап өтті әкімдіктен.

Social Link

Follow Me On Social Media