What are you looking for?

Қазақстандықтар Гиннестің рекордтар кітабына жаңа рекорд енгізді

22.03.2025

Қазақстандықтар Каспий теңізі жағалауында жиналып, Гиннестің рекордтар кітабына жаңа рекорд енгізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтаудағы арнайы алаңға бес мыңнан астам адам қазақтың ұлттық киімдерін киіп жиналды. Олар Гиннестің рекордтар кітабына "Қазақтың ұлттық киімдерін киген адамдардың ең үлкен жиыны" номинациясы бойынша рекордты жаңартты.

Ақтауда таңертең күн бұлтты және жаңбырлы болды, бірақ бұл мыңдаған қазақстандықтың жиналып, алаңда серуен ұйымдастыруына кедергі болмады.

Рекордты ресми тіркеу үшін Ақтауға Лондондағы Гиннестің рекордтар кітабының штаб-пәтерінен қазылар алқасының өкілдері арнайы келді.

Қатысушылар таңғы сағат 9-дан бастап алаңға жинала бастады. Жаңбырға қарамастан, сағат 11:00-де ұйымдастырушылар төрт мың адамды санады. Ал 12:01-де қатысушылар саны бес мыңнан асты.

Жиналғандардың көңілін көтеру және тоңып қалмауы үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media