Бұл нысан Наурызбай және Қарасай аудандарының 100 мың тұрғынын сумен қамтамасыз етеді.
2025 жылдың қараша айында тәулігіне 22 мың текше метр су өткізетін "Ақсай" су жинағыштың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта құрылыс 80%-ға аяқталған. Су жинағыш нысанына дейін ұзындығы 9 шақырым болатын автомобиль жолы мен 5 көпір салу, сондай-ақ сүзгі станциясының іске қосу-жөндеу жұмыстары қалды.
Сонымен қатар, биылғы жылдың наурыз айында ұзындығы 34 шақырым болатын батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды. Бұл жоба 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Инженерлік желілерді жаңғырту аясында 2025 жылға қарай су құбыры желілерінің тозуы 52,9%-ға, су бұру желілерінің тозуы 53,9%-ға, ал электрмен жабдықтау жүйелерінің тозуы 63,3%-ға дейін төмендейді.