What are you looking for?

Әз-Наурыз – жақсылықтың бастауы

22.03.2025

Абай облысында Ұлыстың Ұлы күні барлық сән-салтанатымен тойланып жатыр.

Биылғы наурыз мейрамының ерекшелігі өңірде бір мезетте 180 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ұлттық құндылықтар дәріптеліп, мерекелік бағдарлама ән-жырмен жалғасты. Ұлыстың ұлы күні Семейде қалай өтіп жатыр?

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Семейде наурыз мейрамы өте керемет өтіп жатыр. Қала тұрғындарының көңіл-күйі тамаша. Барлығы бір-бірін құттықтап жаңа жылды қуаныш пен жақсылықтың бастауы деп қарсы алып жатыр. Биыл мерекенің басты оқиғасы – тұсаукесер рәсімі болды. Бүгін облыс бойынша 180 баланың тұсауы кесілді.

Осы арқылы ұлттық дәстүрлердің жас буынды тәрбиелеудегі маңызы көрсетілді. Мінекей қазір Семейдегі орталық алаңда халық қарасы қалың. Тұрғындар қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалап тұр. Мына тұста ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылған.облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары осында. Толқын наурыз құтты болсын! Айтыңызшы бүгін облыс бойынша тағы қандай шаралар өтеді?

Толқын Берікбекова, мәдениет, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:

Табиғаттың жаңаруы мен бірліктің, ізгі ниеттің белгісі саналатын биыл ерекше мәнге ие. Себебі өңір ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына дайындық үстінде. Бүгін жүз жас домбырашы бір мезгілде күй орындап, музыка мен тарихи тағылымға толы ерекше атмосфера сыйлады. Айта кетейін, бүгін наурыз мейрамы Абай облысының барлық аудандарында тойлануда. Барлығы 300- ге жуық қазақ үй тігілген.

Social Link

Follow Me On Social Media