What are you looking for?

Әли Әлиев: Жаңа тарихты жазғымыз келеді

22.03.2025

Бүгін, 00: 45-те құрамамыз әлем чемпионатына іріктеу аясында матч өткізеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев бүгінгі Уэльспен өтетін ойын туралы бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына матч алдындағы баспасөз мәслихатында жауап берді:

– Атмосфера туралы не айта аламын? Жаңа әрі пайдалы сәттердің алдында тұрғандаймыз. Жаңа тарихты жазғымыз келеді. Ол жарқын сәттерден тұруы тиіс.

– Кюрасаомен өтетін жабық матчтың құрамы белгілі болды. Сол құрам қайталанады ма?

– Таңдау қиын. Ол ойында барлығына дерлік бірдей жүк артылды. Сондықтан мені қиын таңдау күтіп тұр. Бүгінгі жаттығудан кейін бастапқы құрамда кім ойнайды деген сауалдарға жауап аламын. Ойында дайындалған ойларымызды жүзеге асырғымыз келеді. Джокер болатын ойыншылар бар.

– Алға қандай міндет қойылды? Сіз үшін табыс қандай болады? Қазақстанның әлем чемпионатына шығуына нақты мүмкіндігі бар ма?

– Кез келген еуропалық ұжымның мүмкіндігі бар. Не боларын ешкім білмейді. Атақты командалардың финалға өте алмағанын көрдік. Менің міндетім – жауынгерлік құрамды жинау. Әр ойын біз үшін финал.

– Түркиядағы дайындықтарыңыз қалай өтті? Уэльс пен Лихтенштейнмен болатын ойындарға екі түрлі құрам болады ма?

– Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтті. Маған да ұнады. Тәжірибелі ойыншылар мен жастар бір жұдырық болды. Біздің тапсырамалар толық орындалды, ойыншылардың барлығы жауапкершілік танытты.

Ойыншылардың ротациясы керек деп санаймын. Екі күннен кейін өтетін ойын да маңызды. Лихтенштейнге қатысты да стратегиялық жоспарларымыз бар. Екінші ойында алаңға шығатын ойыншыларды да дайындап жатырмыз.

– Ұлттық құрамада қанша ойыншы ораза ұстайды? Оразаға байланысты қиындықтар бар ма?

– Ең қуанышты сәт, өйткені ойыншыларымыз идеяға толы, ал еліміздің дәстүрлері бар. Жігіттерге шыдамдылық танытып, сыйластық танытқандары үшін алғыс айтамын. Ұлттық құрама ойыншыларының басым бөлігі ораза ұстайды. Бұл қиындық тудырмайды деп ойлаймын, өйткені осы Рамазан айында біз Данияны жеңген болатынбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media