What are you looking for?

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты

05.03.2025

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) 5 сәуір күні Астана қаласында өтетін бокс кешіне билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

5-сәуір күні Астанада қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен франциялық Анаэль Нгамиссинг (14-0, 9 КО) жекпе-жегі өтеді.

Яндекс афиша сайтындағы билеттердің құны 20 мың теңгеден басталып, ең қымбаты 255 мыңтеңгеге бағаланып отыр.

Айта кетерлігі, бокс кешін қазақстандық Nomad Promotions компаниясы ұйымдастырып, ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Сонымен қатар осы кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсететін боксшылар:

  • Сұлтан Заурбек
  • Батыр Жүкембаев
  • Махмұд Сабырхан
  • Төрехан Сабырхан
  • Баһадүр Жалолов

Social Link

Follow Me On Social Media