What are you looking for?

Жетісуда Тазару күніндегі экологиялық акцияға 15 мыңнан астам қатысты

23.03.2025

Бүгін Жетісу облысының барлық елді мекендерінде Тазару күніне орай сенбілік өткізіліп, оған жалпы саны 15 480 адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда өткен сенбілікте облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мәслихат депатуттары, мемлекеттік және бюджеттік мекеме-ұйымдардың қызметкерлері, жастар өкілдері, қала тұрғындары тазалық шараларын атқарды.

Наурыз – еліміздің береке-бірлігін мен ынтымағының жарқын көрінісі. Наурыз айы басталғалы мәдениетімізді, дәстүрімізді танытатын ұлттық киім киіп жүрміз. Бүгін бәріміз сенбілікке жақсы көңіл күймен маңайымызды, орталық саябақты тазартуға келдік. Біз бұл саябақты балалар саябағы деп те атаймыз. Қаланың тазалығын сақтау, оған атсалысу – әрқайсымыздың күнделікті үлесіміз болуы керек, — деді Жетісу облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Римма Салыкова.

Облыстық мәслихат депутаты Гүлназ Мұстапа да пікір бөлісті:

Наурызнама онкүндігінің Тазару күнінде бүкіл облыс болып сенбілік өткізілуде. Санитарлық тазалыққа бәріміз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бүгінгі белгіленіп берген аумақты ғана емес, жалпы өзіміздің жүрген-тұрған жерімізді түгел, жалпы маңайымызды таза ұстап үйренуіміз керек. Сонда ауа да таза болады, жастарға да жақсы үлгі көресетіміз. Айналамызды тазарту арқылы біз көңілімізді де, жүрегімізді де таза ұстаймыз, өмірімізде де, жұмысымызда да реттілік болады, — деді ол.

Сенбілікке қатысушы мемлекеттік қызметші Айгүл Шнырбаева да белсенділік танытты:

Қоршаған ортаға деген қамқорлыққа, туған қаламызға туған үйіміздей қарауға балаларды отбасында жастайынан дағдыландыруымыз керек. Сондықтан осындай түрлі экологиялық акцияларды жиі-жиі өткізіп тұрған дұрыс. Бұл – ең алдымен біздің балаларымыздың болашағына деген қамқорлық, — деді Айгүл Қапасқызы.

Сенбілік аясында облыс аумағындағы 141 саябақ пен скверлерге саниталық тазалық жұмыстары жүргізілді. 183 техника жұмылдырылып, 1 320 тонна қоқыс шығарылды.

Social Link

Follow Me On Social Media