What are you looking for?

Түркиядағы наразылық: Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады

23.03.2025

Елшілік Түркиядағы Қазақстан азаматтарына митингілерге қатысудан аулақ болуға шақырды .

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге жеке қатысудан аулақ болуды сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз, – делінген елшілік хабарламасында.

Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.

– Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, – делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:

1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496

2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465

3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522

4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Social Link

Follow Me On Social Media